2017 жылдың 03 наурызы күні Ақадыр орта мектебінің аясынды аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ХVІІІ аудандық «Абай оқулары» байқауы өтті. ХVІІІ аудандық «Абай оқулары» байқауына шағын әдістемелік кеңестерде өткен «Абай оқулары» байқауында іріктелген 31 жеңімпаз оқушы қатысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен насихаттау, «Өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына қызықтырып, поэзияға еліктіру. Мұны ауданымыздың әр өңірінен келген үміткерлері де жете түсінсе керек. Өйткені олар барлық өнерлерін ортаға салып, қазыларға өздерінің осал емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Қазылар алқасы демекші, байқауға қатысушыларға аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен музыка мектебінің мұғалімдері төрелік етті. Байқау үш номинация бойынша өтті. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - номинациясы. Бұл кезеңде оқушылар Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін мен поэмаларын және де қара сөздерін жатқа айтты. Ал «Көңілім әнді ұғады» номинациясында оқушылар екі ақынның әндері мен күйлерін орындап, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сондай-ақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында жас дарындар өздерінің тырнақалды туындыларын ортаға салды. Нақтырақ айтсақ, олар өздері шығарған өлеңдері мен әндерін орындап, күмбірлетіп күй шертті.
Аудандық байқауға аудан мектептерінен кіл мықтылар іріктеліп келген екен, өйткені «сен тұр мен атайын» дейтін оқушылардың ішінен үздікті анықтау оңай болған жоқ. Әйтсе де қазылар алқасы байқау болғаннан кейін жеңімпаздың болатынын тілге тиек етіп, бағы жанғандардың аты-жөнін анықтады. Сонымен не керек, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқуларында: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша бас жүлдені Ақан негізгі мектебінің оқушысы Нурмуханова Динара иеленсе, І дәрежелі дипломмен Заречный негізгі мектебінің оқушысы Ғалымжан Аружан, ІІ дәрежелі дипломмен Ақадыр орта мектебінің оқушысы Аисипат Аяулым, Садовый орта мектебінің оқушысы Мороз Алина және Баратай негізгі мектебінің оқушысы – Клепцова Виктория, ІІІ дәрежелі дипломмен Шағалалы орта мектебінің оқушысы – Биян Айдана, Ақкөл орта мектебінің оқушысы Тайбасар Сұлу, Ортақ орта мектебінің Баби Шолпан мараптталды.
Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Ақадыр орта мектебінің оқушысы Силам Мерей, ІІ дәрежелі дипломмен Шағалалы орта мектебінің оқушысы Алмасбек Айбат, Ақадыр орта мектебінің оқушысы Айымбек Айнұр және Березняковка орта мекбенің оқушысы Рудт Альбина, ІІІ дәрежелі дипломмен М.Ғабдуллин атындағы ЖБЗОМ оқушысы – Сергазина Ақниет, Бірлестік орта мектебінің оқушысы Білімхан Шұғыла, Раздольный орта мектебінің Кәсіпхан Ақсәуле мараптталды.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Игілік орта мекбенің
оқушысы Сейтқожа Арайлым, ІІ дәрежелі дипломмен Ортақ орта мектебінің оқышысы Еренғайып Ерназар, Айдарлы негізгі мектебінің оқушысы Жасұлан Ақбота, ІІІ дәрежелі дипломмен Донғылағаш негізгі мектебінің оқушысы Аптарова Аружан марапатталды.
Зеренді ауданының білім беру бөлімі ХVІІІ аудандық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтайды. Алар белестері биік болып, шығармашылықтары шыңдала түсіп, ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың мақтанышы болып, өрең тұлғалы азамат болуына тілектес екендігін білдіреді. Қатысушыларымыздың жетекшілеріне тәрбиелі де, білімді, талантты да, талапты, шығармашыл оқушылары көп болып, дарындарды тәрбилеуге сіңірген еңбектерінің жемісі мол болуын тілейміз. Сондай-ақ ХVІІІ облыстық
«Абай оқулары» байқауына жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілеп, ауданымыздың атын облыста паш етіп, жеңіспен оралуларын тілейміз.