Қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» қазақ тілі бойынша IX облыстық олимпиадасы Ақмола облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ-түрік лицейінде 2017 жылғы 15-16 ақпан күндері өткізілді.
Олимпиадаға ауданның 5 мектебінен 6 оқушы қатысты. Олимпиада 5 номинация бойынша өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
1. «Сөз шеберлері» номинациясында 2 орынға ие болған - Садовый ОМ 9 сынып оқушысы Мороз Алина, қазақ тілі мұғалімі Бектемирова Зарина Талғатқызы.
2. «Жас ғалымдар» номинациясында 2 орынға ие болған - Ақадыр ОМ 9 сынып оқушысы Силам Мерей, мұғалімі Нұршәріп Сәндігүл.
3. «Әнші-бұлбұлдар» номинациясында 3 орынға ие болған - Чаглинка ОМ 9 сынып оқушысы Дәулетхан Аида, мұғалімі Қажығалиева Гүлнафис Башаріқызы және Березняковка ОМ 11 сынып оқушысы Рудт Альбина, мұғалімі Аят Жәрдембек.
Салтанатты түрде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 16 ақпан күні Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде өткізілді. Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, медальдары мен сыйлықтары тапсырылды.