2022 жылдың 17 тамызында «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық тамыз конференциясы өтті. Кездесу барысында келесі тақырыптар бойынша сұрақтар қаралды: «Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Халықаралық зерттеулер туралы», «Мектепішілік бақылау», «Білім беру ұйымын, оның басшыларын, мұғалімдерін, педагогикалық ұжымын аттестациялауды ұйымдастыру». Аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісілері, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарларының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мен міндеттерімен таныстырды. Отырыста «Күнделік» электронды журналын толтыру, әдістемелік нұсқаулық хаттың тармақтары, сонымен қатар мектеп пен мұғалімдерді аттестаттау мәселелері қаралды.