"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының семинары

07.11.2022

2022 жылғы 4 қарашада "Викторовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының семинары өтті. Семинар тақырыбы: "Жаңа нәтижелерге арналған жаңа құралдар немесе құндылыққа бағытталған тәсілді қалай қалыптастыру керек". Семинарды білім бөлімінің әдіскері Наргужина Дария Серікқызы ашты. Жұмыс жоспарына сәйкес директордың ОТІ  жөніндегі орынбасары  Башарова Айнұр Жұмағалиқызы (" Ақкөл а. ЖББМ" КММ)"Заманауи мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңарту" тақырыбында коучинг өткізді, Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Балтабаева Айнагүл Елубайқызы ("Ақан а. НОБ" ҚММ) "Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі" тақырыбында баяндама оқыды.  Директордың ОТІ  жөніндегі орынбасары Данилова Светлана Алексеевна ("Викторовка а. ЖББМ")  "Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы" тақырыбы аясында тәжірибесімен бөлісті.
Сөз соңында директордың ОТІ  жөніндегі орынбасары Ескендирова Жанагүл Жаңбырбайқызы заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, "Жас мұғалім мектебі" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. 
Семинар жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст