Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жоспарына сәйкес 2022 жылғы 10-11 қараша күндері «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай конкурсы өтті.
Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, олардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша I орынды Қонысбай ауылының ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Шарипхан Бакытнур иеленді. Жеңіспен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!