Бүгін, 2022 жылдың 21 желтоқсанында Чаглинка станциясының негізгі орта мектебінің базасында директорлардың тәрбие ісі бойынша орынбасарларының «Басқару сапасынан – білім сапасына» атты аудандық семинары өтті.
Семинардың мақсаты – педагогикалық идеялармен тәжірибе алмасу. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Дария Серікқызы Наргужина ашты. Мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруді қамтитын білім сапасы білім, білік және дағды көрсеткіштерінің жүйесі, сонымен бірге дүниеге және бір-біріне деген құндылық-эмоционалдық қатынас нормалары болып табылады. Оқушылардың білім сапасын арттырудың бір жолы – оқу үрдісін ұйымдастыру. Қазіргі сабаққа жоғары талаптар қойылады. Мұғалімнің міндеті әрқашан кез келген оқу материалында және оқу процесін ұйымдастырудың өзінде балаларға белгісіз жаңа нәрсені табу болып табылады.
Семинар басында директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Бақытжан Серікбайқызы Аукарова мектеп ішін аралап, мектептегі оқу үрдісімен таныстырды.
Мектеп мұғалімдері түрлі технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізді. «Сан есім» тақырыбында 5 «Б» сыныбында кіріктірілген сабақты қазақ тілі мұғалімі Б.Г.Оспанова, ағылшын тілі мұғалімі И.М.Магзумова және орыс тілі мұғалімі А.Қ.Ыбышева өткізді. 5 «Ә» сыныбында «Сақтар» тақырыбында ашық сабағын тарих пәнінің мұғалімі Е.Қ.Ақжігітов өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Тюлюбаева бен Н.Н.Самойленко 4 «Б» сыныбында «Өтілген материалды бекіту» іскерлік ойынын өткізді.
Семинарға қатысушылар арасында мектептің педагог-психологы М.Қ.Мамбетова қызықты тренинг өткізді.
Одан әрі Алексеевка ауылының №2 орта мектебінің бас мұғалімі Т.Н.Коваленко «Мектептегі оқыту сапасын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізді.
«Мектепішілік бақылаудың бір түрі ретінде сабаққа бару және талдау» тақырыбында Елікті ауылындағы орта мектебінің мұғаліміС.Е. Байшураева баяндама оқыды.
Қонысбай ауылындағы орта мектебінің мұғалімі А.А.Абдрахманова «Lesson Study тәжірибені жетілдірудің тиімді әдісі» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.С.Наргужина қорытындылап, нәтижелі жұмыстарды атап өтіп, қатысушылар мен мектеп ұжымына өз алғысын білдірді.