"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Танымдық іс-әрекетті жандандыру, шығармашылықты дамыту және қазіргі заманғы дидактикалық оқыту құралдары аясында оқушылардың белгілі бір жеке қасиеттерін қалыптастыру"

23.02.2023

2023 жылғы 22 ақпанда білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинары өтті. Семинар тақырыбы:"Танымдық іс-әрекетті жандандыру, шығармашылықты дамыту және қазіргі заманғы дидактикалық оқыту құралдары аясында оқушылардың белгілі бір жеке қасиеттерін қалыптастыру". Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Жаңаева Гульмира Кушеровна ашып, қатысушыларға жемісті күн тіледі. Зеренді ауылының № 1 ЖОББМ педагог - модераторы Динара Қыстаубековна Балтабаева "Орман жаңалықтары" газетіне репортаждар" атты 4-сыныпта орыс тілі сабағын өткізді. Алексеевка к. №1 ЖОББМ педагог-модераторы Зайцева Галина Александровна 11-сыныпта Б. Окуджаваның шығармаларынан "Әскери лирика" тақырыбында әдебиет сабағын өткізді. Алексеевка к. №2 ЖОББМ педагог – зерттеушісі,  Калиева Жанна Болатовна "Әдебиет сабақтарындағы шығармашылық жоба оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыру тәсілі ретінде» атты тақырыпта өз тәжірибесімен бөлісті. М. Ғабдуллин ат. МГ педагог-зерттеушісі Қарабатырова Гульнар Казезкановна, "Педагогтың инновациялық қызметі шеберлікті арттырудың шарты ретінде" тақырыбында баяндама жасады. Сөз сөйлеушілерге сертификаттар берілді. Семинар жоғары деңгейде өтті және қатысушылар Зеренді а. №1 ЖОББМ ұйымдастырушылар мен әкімшілігіне қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

      

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст