"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды

01.07.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ҚР БҒМ 27.08.2022 жылғы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 10  шілдеге дейін (қоса алғанда) білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыр бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 1);
2) «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 2);
3) нысан бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат (қосымша 3);
4) Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
5) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;
6) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
7) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;
8) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);
9) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.

10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.
Нысандар қоса беріледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру  келесі   білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

- ғылыми-техникалық бағыттағы орындар – 1019 (облыс бойынша);

- экологиялық-биологиялық – 59 орын (облыс бойынша);

- көркемдік-эстетикалық – 170 орын (облыс бойынша);

- әлеуметтәк педагогикалық – 109 орын (облыс бойынша);

- гуманитарлық – 1771 орын (облыс бойынша);

- жаратылыстану-математикалық – 175 орын (облыс бойынша).

Бағыттар бойынша үйірмелер Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Ережеде көрсетілген.

Құжаттарды қабылдау 01.07.2023 жылдан бастап 10.07.2023 жылға дейін, Зеренді ауылы, Ленин көшесі 43 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.Байланыс телефондары  871632 22 3 50

 

Просмотров: 2606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст