"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әдебиет каһармандарының шеруі

15.11.2023

Бүгін білім бөлімінің әділқазылары "Әдебиет каһармандарының шеруі" атты сырттай бейнероликтер байқауының қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқырмандардың танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық белсенділігін дамыту. Оқу мәденетінің деңгейін анықтау.

Байқаудың жүлдегерлері 15 жастан 17 жасқа дейінгі жас санатындағылар атанды:

Зеренді ауылылының №2 ЖОББМ оқушысы Коготько Анна-3орынға ие болды;

Айдабул ЖОББМ оқушылары Неғиметжан Ясмин және Шляйгер Даниела -2 орындарға ие болды;

Елікті ауылының ЖББОМ оқушысы Балқожин Нұрхан -1 орынға ие болды;

Ортағаш ауылының НОМ оқушысы Қалымтай Елдос -байқаудың Гран-при иегері атанды.

12 жастан 14 жасқа дейінгі орта жас санатындағы жеңімпаз атанғандар:

Ескенежал ауылының НОМ оқушысы Байболат Сетергүл-3 орынға ие болды;

Қарауыл Қанай би ауылының НОМ оқушысы Жәнибекова Жансая-3орынға ие болды;

Шағалалы ауылының ЖОБМ оқушысы Арманқызы Шұғыла-3орынға ие болды;

Ортақ ауылының ЖОББМ оқушысы Мухадьяров Шыңғыс-2орынға ие болды;

М. Ғабдуллин ауылының НОМ оқушысы Жақсылық Даяна-2орынға ие болды;

Айдабул ауылының ЖОББ оқушысы Тищенко Екатерина-2орынға ие болды;

Қонысбай ауылының ЖОББМ оқушысы Басжанова Ақмерей-1орынға ие болды;

Қызылтан ауылының ЖОББМ оқушысы Жанбай Аянат-1орынға ие болды;

Бірлестік ауылының ЖОББМ оқушысы Темірке Ернұр Гран-при иегері атанды!

"Жеңіске деген ерік-жігері үшін" жүлдегері бойынша мақтау қағазы Троицко ауылының НОМ оқушысы Анфимов Артемге берілді.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз, оқуда және шығармашылықта табыс тілейміз!

Байқаудың облыстық кезеңінде Қалымтай Елдос пен Темірке Ернұр ауданымыздың атынан өнер көрсетеді, сіздерге сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

 

Просмотров: 1816

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст