Ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні Зеренді ауылының № 2 ЖОББМ-де қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 сынып оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» атты аудандық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 16 жалпы білім беретін орта мектептен, 7 негізгі орта мектептен және Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығынан 81 бала қатысты. Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді. Олимпиада жас ұрпақтың мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталған. Жүлдегерлер аудан басшысының мадақтамасымен, белсенді қатысқан оқушылар сертификатпен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары (1 орын) облыстық іріктеу кезеңіне өтті. Құттықтаймыз!!!