Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарымен келісемін 12.03.2024 жылы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия базасында "тірек және магниттік мектептердің өзара іс-қимылы: проблемалар мен шешу жолдары"атты өңірлік семинар өтті. Оған тірек және оларға ұсынылған магниттік мектептер қатысты. Семинар барысында келесі мұғалімдердің сабақтары өткізілді: Балтабаева Анар Сайлаубековна, Малик Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі, Сұлтанова Альмира Ғалымовна Ортағаш ауылының орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Шаймерденов Абай Төлеубайевич Бәйтерек ауылының орта мектебінің физика мұғалімі. Мектеп - гимназиясының мұғалімдері Бейсенбай Айнаш Бейсенбайқызы, Қарабатырова Гүлнар Қазезханқызы "Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау және дамыту: әдістер мен тәсілдер, дескрипторлар" тақырыбында коучинг өткізді. Мектеп гимназиясы директорының оқу жөніндегі орынбасары Дюсенова Сәуле Сабикеновна «Тірек және магниттік мектептер әрекеттестігі: проблемалар және шешу жолдары» туралы айтып берді. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Жаңаева Гүльмира Кушеровна аяқтады, семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, тәжірибе алмасу жұмысын жалғастыру қажет екенін айтты, алдағы уақытта табыс тіледі және сөз сөйлеген педагогтарға сертификаттар табыс етті.