"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Кітапқұмар»

14.03.2024

Бүгін «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КАҚ және Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Кітапқұмар» байқауының екінші кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: 9-10 сынып оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау.

Ашық онлайн дауыс беру арқылы бірінші сырттай кезеңнің жеңімпаздары анықталып, UALIKHANOV UNIVERSITY офлайн режимде өткен екінші турға шақырылды.

Зеренді ауданының атынан Зеренді ауылының «М.Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясы» КММ мен Шағалалы орта мектебінің командалары қатысты.

Зеренді мектеп-гимназиясының командасынан жарыс жеңімпаздары Аймжан Ускембаева, Вера Мейрамова, Алтын Төлеген 3-дәрежелі дипломмен және 30 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Шағалалы ауылының орта мектебінің командасына «Үздік оқырмандар» номинациясы бойынша диплом берілді.

Байқауға қатысушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 5407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст