Текст
Зеренді ауданы Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің “Мұрагер” қолөнер үйірмесінің оқушылары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық даму орталығы” КММ ұйымдастыруымен, Көкшетау қаласында өткен облыстық “Наурыз шапағаты” байқауына қатысып жүлделі орынға ие болып, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен 60 мың теңгеге сертификатпен марапатталды. Байқауға “Ұлттық киімнің сән үлгісі” және көрме жұмысы ұсынылды. Сайысқа қатысып ауданымыздың атын қорғаған өнерпаз оқушыларымызға алғыс айтамыз.
Жетекшісі Малик Армангуль