Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келесі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 47 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурс жариялайды:
- ғылыми-техникалық (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары)-29 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 2017 тг);
- көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) - 14 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 2017 тг);
- әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы) - 4 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 2017 тг).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылдың 28 маусымы мен 4 шілдесі аралығында білім бөлімінің кеңсесіне немесе zerendaoo@aqmoedu.kz электрондық поштаға құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;
2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш
3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме;
6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)
7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;
8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;
10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.
Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.