Текст
28.06.2024
Ағымдағы жылдың 26-28 маусым аралығында Айдабол ауылы мен Викторовка ауылының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10 оқушысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының "Қанағат" туристік қонақ үй кешенінің базасында өткен "Сырлы Сандықтау" далалық экспедициясына қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал жетекшілер Ақмола облысы білім басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар алды.
Далалық экспедицияға қатысушылар жағымды эмоциялар мен әсерлермен үйлеріне қайтты.