Текст
2018 жыл 21-23 ақпан күндері Көкшетау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернатының аясында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиадаға Зеренді ауданының 5 мектебінен 6 оқушы қатысты. Олимпиадананың қорытындысы бойынша «Сөз шеберлері» байқауында І орынды Садовый орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мороз Алина иеленді, «Әнші-бұлбұлдар» байқауында Садовый орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жомарт Қадылұлы Облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз !!!