Текст
Ақмола облысының білім басқармасының жоспары негізінде 2020 жылдың 21 қыркүйек күні қашықтықтан оқыту форматында жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, семинар өткізілді. Семинар барысында білім беретін платформалар жұмысы бойынша ағымдағы мәселелер қарастырылып, мұғалімдер сұрақтарына жауап таба алды. Семинар жұмысына 9 қашықтықтан оқитын мектептерден 20 мұғалім қатысты.