Текст
Мyń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары. Ағымдағы оқу жылында ауданымыздың 10 оқушысы республикалық кезеңнен жақсы ұпай алып, дипломдар мен бағалы сыйлық - ноут букпен марапатталды.
Оқушыларымызға білімдерінің шыңдалуына тілектеспіз!