Текст
2020 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында «Шын хакім, сөздің асыл бағына жетпес» атты IV республикалық онлайн айтысқа Зеренді ауданы әкімдігінің М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9-шы сынып оқушысы Серік Нұрбек қатысты. Байқау нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды және 30 000 теңге жүлде иеленді. Сонымен қатар, Нұрбек Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернатқа қабылдау үшін жолдама алды.
Жүлдегерді құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!