Ашық әңгіме – жарқын ойлар! Бүгін Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде мазмұнды подкаст өтті. Құрметті қонақ ретінде Зеренді ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Кенжеболатова шақырылды. Подкаст жүргізушісі – 11-сынып оқушысы Каргин Захар. Сұхбат барысында қызықты сұрақтар қойылып, білім беру саласы, ұстаздық еңбек және жастардың болашағы туралы ой қозғалды. Осындай кездесулер оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді.