Қымбатты ханымдар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Барлық жердегі сияқты біздің аудан өмірінде де әйелдердің алып отырған орны ерекше.
Олар ауданның әлеуметтік өмірінің әр саласында еңбек етіп, өз ісінің бүгінгі талап деңгейінде атқарылуы жолындағы жауапкершілікті, осыған мүдделікті жете сезінуде.
Сонымен қатар, аудан өмірінің тыныс тіршілігіне етене араласып, өздерінің белсенділігімен ауылымыздың мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді дамытып, нығайтуға да әйелдер атқаратын жұмыс ауқымы кең.
Осыған орай әйелдерге деген қамқорлықты жетілдіре отырып, олардың қоғамдағы белсенді күш екендігін тани білу де қажет.
Сондықтан да оларға деген құрмет, өзара сыйластық, ынтымақтастық пен белсенділік сияқты асыл қасиеттер өз арнасын тауып өрістей береді деген сенімдемін.
Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын.
Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.
Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!