Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу
Құрметті жас түлектер!
Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:
- конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
- білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
- мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
- конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:
- 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары;
- жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары;
- үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі).














































