Текст
26.05.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келесі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 97 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурс жариялайды: - ғылыми-техникалық (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары) - 59 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг); - көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) - 24 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг); - әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы) - 8 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны- 15 217 тг). - жаралыстану - математика (математические курсы) – 6 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар 2025 жылдың 26-30 мамыр айының аралығында білім бөлімінің кеңсесіне немесе zerendaoo@aqmoedu.kz электрондық поштаға құжаттарды ұсынуы қажет: 1) білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш; 2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш 3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты); 4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі; 5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме; 6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты) 7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері; 8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат; 9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат; 10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы. Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.
/public/files/2025/5/26/260525_191246_obyyavlenie-na-2-h-yazna-26052025.docx
20.05.2025
2025 жылы 16 мамыр күні аудандық мәдениет үйінді «Цифрлық білім беру ортасы: жасанды интеллекттің трендтері мен перспективалары» аудандық семинар-кеңес Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановтың қатысуымен өткізілді. Семинарға білім мекемелерінің пән мұғалімдері қатысып, өз тәжирибелерімен бөлісті. «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы ЖИ платформалардың мазмұндық және функционалдық мүмкіндіктері». Майданова Наргиз Болатовна, Қонысбай ауылының ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. «Bilim Kids платформасын пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар». "Аружан" жеке меншік бөбекжайының меңгерушісі, Ескендирова Ханым Есенжановна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолдану». Калиева Жанна Болатовна, Алексеевка аыулының №2 ЖОББМ орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді беруде жасанды интеллекті қолдану». Шалашун Константин Владимирович, Алексеевка ауылының №1 ЖОББМ, физика және информатика мұғалімі. «Ағылшын тілі сабағында жасанды интеллекті қолдану, өз тәжірибесімен бөлісу». Мухамеджанова Гаухар Барамбаевна, Айдабол ауылының ЖОББМ ағылшын пәні мұғалімі. «Тарих пәнін оқытуда ЖИ қолдану тәжірибесі». Мукажанов Баглан Мырзабекович, Красный Кордон ауылының НОМ тарих пәні мұғалімі. «Жасанды интеллект құралдары Google&Canva және Quizizz платформалары» Абдрахманова Асем Амановна, Қонысбай ауылының ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. «Жасанды интеллект мектеп психологының тәжірибесіндегі құрал ретінде». Бекишова Зайра Муратовна, Жылымды ауылының НОМ педагог-психологі. «Жасанды интеллект арқылы математикалық білім берудің трансформациясы: болашақтың білім кеңістігі». Лесбай Мейрамкүл Тойлыбайқызы, Елікті ауылының ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі. «Химия және биология сабақтарында ЖИ қолдану», Сатубалдинова Аида Кайратовна, М.ғабдуллин а. НОМ химия және биология мұғалімі. Цифрлық білім беру ортасындағы жасанды интеллект – бұл жай ғана технология емес, білім берудің болашағы. ЖИ-дің көмегімен оқыту сапасы артып, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашады.
13.05.2025
Ташкент қаласында 1-5 мамыр аралығында 2012 және 2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.А. Лощинининді еске алуға арналған футболдан ашық халықаралық турнир өтті. 2012 жылы туған жасөспірімдер командасы 3 орынды иеленді, ал 2013 жылы туған жасөспірімдер командасы осы турнирдің чемпионы атанды, Зеренді ауданы мен БЖСМ атынан келген барлық балаларды құттықтаймыз. «Жiгер», сондай-ақ қосымша білім беру педагогтары Күленюк А.А. және Қажығалиева С.К. және Supernovas командасының жаттықтырушысы Шолтышев Ж.
29.04.2025
Зеренді ауданының мектепке дейінгі ұйым педагогтарының «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» аудандық байқауы өтті. Комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды зерделеп, қарап орындар келесідей анықталды: Бас жүлде иегері - «Балауса» бөбекжайының тәрбиешісі Оспанова Нургуль Бейбитовна танылып, Гран-При дипломы мен 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталса; І орын иегері - Дөңгілағаш ауылының НОМ мектепалды сынып тәрбиешісі Иват Үмітгүл, жүлделі орын дипломы мен 40 000 теңгелік сертификатпен марапатталды; жүлделі ІІ орынды - «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Әлпілам Құндыз, жүлделі орын дипломы мен 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды; жүлделі ІІІ орынды «Аружан бөбекжайының тәрбиешісі Ескендирова Ханым Есенжановна, жүлделі орын дипломы мен 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды; Бас жүлде иегері - «Балауса» бөбекжайының тәрбиешісі Оспанова Нургуль Бейбитовна байқаудың облыстық екінші кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!!!
14.04.2025
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданының білім бөлімі жанындағы қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының № 1 хаттамасы
/public/files/2025/4/14/140425_200346_1-hattama.pdf
07.04.2025
2024 ЖЫЛҒЫ мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылау өткізу қорытындысы
/public/files/2025/4/7/070425_183734_zaklyuch.jpeg
/public/files/2025/4/7/070425_183803_zaklyuchenie.jpeg
26.03.2025
2025 жылдың 21-наурыз күні Зеренді ауданында “Өнер мектебі” ашылды. Өнер мектебі 2 қабаттан тұрып, шығармашылық және музыка бағыттары бойынша білім береді. Жаңа ғимаратта Зеренді ауылындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы 8 кабинетте орналасып, онда 12 мұғалім өз жұмысын жүргізіп, 427 оқушы 13 үйірмеге қатыса алады. Балалар музыка мектебі 9 кабинеттен тұрады, онда домбыра, қобыз, фортепиано және вокал сыныптарының 11 мұғалімі 94 оқушыға дәріс береді.
17.03.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келесі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 97 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурс жариялайды:
-...
13.03.2025
1 сыныпқа қабылдау
/public/files/2025/3/13/130325_100840_na-11032025-priem-v-1-klass-2-kaz.pptx
/public/files/2025/3/13/130325_100854_na-11032025-priem-v-1-klass-2-2.pptx
12.03.2025
2025 жылғы 12 наурызда Зеренді ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия базасында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «АҚ Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалында «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы - оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: «МОДО-ға дайындық кезеңдерінің бірі ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді стратегияларын қолдану бойынша педагогтардың білімін жетілдіру». Аталған семинарға пән мұғалімдері, директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Семинарды әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.М. Доскарина ашты, Құттықтау сөз «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақмола облысы бойынша ОЖБ» филиалының педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы Баян Сәбитқызы Сүйіндіковаға берілді. Одан әрі жұмыс 6 секцияда жалғасты. Семинарға барлығы 150 тыңдаушы қатысты. Семинар аясында қатысушылар математика пәндері бойынша үздік мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты. қазақ тілі мұғалімі Мағзұмова Г.А., Әбуова Б.Т. Салихова Ж.К., Ыбышева А.К., Айтмағамбетова А.Т., Исабекова К.К., Есенгельдина О.М., Соболева Н.Е., Қабдулова Г.Р. математика пәндері бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. орыс тілі, биология, география және сабақтарда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. МОДО-ға дайындық кезінде білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеуді педагог-психологтар З.Н. Хасенова, Р.З. Дүйсенбай, С.С. Абылхаева көрсетті. Соңында «Өрлеу» ҰБСО АҚ өкілдері Сүйіндікова Баян Сәбитқызы семинар қорытындысын шығарды, кері байланыс Әлкенова Ботагөз Қамзқызы, Мұқышева Қаракөз Серікқызы, Жұманбаева Айгүл Оразқызы берді. Семинардың барлық қатысушылары Алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Мектеп директоры Э.М.Халеловаға алғыс білдірілді.