«ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2026» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ Бүгін Зеренді ауданының №2 жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық бастамаларын қолдау, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және облыстық кезеңге лайықты үміткерді іріктеу. Байқауға ауданның білім беру ұйымдарынан 10 педагог қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін, заманауи оқыту әдістерін қолдану шеберлігін көрсетті.