"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

әдістемелік жұмыс

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Жастар» спартакиадасы: Зеренді ауданының командасы облыстық футбол жарысында ІІ орын иеленді! 2026 жылғы 20–23 қазан аралығында Атбасар қаласында 5–6-сынып оқушылары арасында футболдан облыстық кезең жарыстары өтті. Аталған жарыста Зеренді ауданының намысын Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қорғады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қ. К. Юсинбаевтың жетекшілігімен команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін танытты. Аудан намысын қорғаған оқушылар: 1. Балтабай Нұржан 2. Юсинбаев Айтуар 3. Қожахмет Санжар 4. Әбдіғалиев Дарын 5. Колядин Максим 6. Хайрат Сырым 7. Рамазан Аян 8. Закер Нарул 9. Жахан Алинұр 10. Шайдолла Әлішер Жарыс қорытындысы бойынша Зеренді ауданының командасы жүлделі ІІ орынға ие болды! Жас футболшыларымызды және жаттықтырушы-педагог Қ. К. Юсинбаевты лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыстар және жаңа жеңістер тілейміз! Жарайсыңдар, жас футболшылар! Жеңісті жолдарың жалғаса берсін!

27.10.2026
Просмотров: 38


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст