Жаңалықтар
-
04.09.2025
2025 жылдың 27 тамыз күні Зеренді аудандық мәдениет үйінде «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» ҰСТАЗДАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өткізілді. Мақсаты-білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын анықтау, өткен оқу жылының қорытындыларын талқылау және жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттерді белгілеу. Конференцияға Зеренді ауданының әкімі Құрманғожин Әсет Асылбекұлы, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Шакшакова Айгуль Сайлаубековна қатысты. Конференцияда келесі сұрақтар қаралды: «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің алдында тұрған жаңа міндеттер», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдірудің басым бағыттары», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы», «Экопрактика: қарапайым қадамдар тұрақты нәтижеге әкеледі», «Мектептегі ғылыми-зерттеу қызметі», «Оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауындағы сынып жетекшісінің рөлі», «Шығармашылық - болашақтың іргетасы». Тамыз конференциясы-бұл қорытындылау ғана емес, сонымен қатар жаңа беттің басталуы. Педагогикалық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерімен біз әр баланың дамуы мен табысқа жетуіне мүмкіндік беретін болашақты құрамыз. .
-
06.08.2025
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді. Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: - 705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды; - 176 ұсақ бұзақылық тіркелді; - түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды. Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды. Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал. Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық. Сіздерден өтініш: • балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар; • оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер; • балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар. Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең маңызды ошағы. Балалардың бойында тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық сана тек ата-аналардың белсенді қатысуымен қалыптасады. Балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – алдымен ересектердің міндеті. Қоғам, мемлекет және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана біз Қазақстан балаларына қауіпсіз әрі жарқын болашақ қамтамасыз ете аламыз. Құрметпен, А.Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы
/public/files/2025/8/6/060825_134059_whatsapp-image-2025-08-06-at-123404.jpeg
/public/files/2025/8/6/060825_134133_whatsapp-image-2025-08-06-at-123429.jpeg
-
-
-
-
-
26.05.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келесі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 97 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурс жариялайды: - ғылыми-техникалық (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары) - 59 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг); - көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) - 24 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг); - әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы) - 8 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны- 15 217 тг). - жаралыстану - математика (математические курсы) – 6 орын (бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге орташа құны-15 217 тг). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар 2025 жылдың 26-30 мамыр айының аралығында білім бөлімінің кеңсесіне немесе zerendaoo@aqmoedu.kz электрондық поштаға құжаттарды ұсынуы қажет: 1) білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш; 2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш 3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты); 4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі; 5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме; 6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты) 7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері; 8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат; 9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат; 10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы. Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.
/public/files/2025/5/26/260525_191246_obyyavlenie-na-2-h-yazna-26052025.docx
-
20.05.2025
2025 жылы 16 мамыр күні аудандық мәдениет үйінді «Цифрлық білім беру ортасы: жасанды интеллекттің трендтері мен перспективалары» аудандық семинар-кеңес Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановтың қатысуымен өткізілді. Семинарға білім мекемелерінің пән мұғалімдері қатысып, өз тәжирибелерімен бөлісті. «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы ЖИ платформалардың мазмұндық және функционалдық мүмкіндіктері». Майданова Наргиз Болатовна, Қонысбай ауылының ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. «Bilim Kids платформасын пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар». "Аружан" жеке меншік бөбекжайының меңгерушісі, Ескендирова Ханым Есенжановна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолдану». Калиева Жанна Болатовна, Алексеевка аыулының №2 ЖОББМ орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді беруде жасанды интеллекті қолдану». Шалашун Константин Владимирович, Алексеевка ауылының №1 ЖОББМ, физика және информатика мұғалімі. «Ағылшын тілі сабағында жасанды интеллекті қолдану, өз тәжірибесімен бөлісу». Мухамеджанова Гаухар Барамбаевна, Айдабол ауылының ЖОББМ ағылшын пәні мұғалімі. «Тарих пәнін оқытуда ЖИ қолдану тәжірибесі». Мукажанов Баглан Мырзабекович, Красный Кордон ауылының НОМ тарих пәні мұғалімі. «Жасанды интеллект құралдары Google&Canva және Quizizz платформалары» Абдрахманова Асем Амановна, Қонысбай ауылының ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. «Жасанды интеллект мектеп психологының тәжірибесіндегі құрал ретінде». Бекишова Зайра Муратовна, Жылымды ауылының НОМ педагог-психологі. «Жасанды интеллект арқылы математикалық білім берудің трансформациясы: болашақтың білім кеңістігі». Лесбай Мейрамкүл Тойлыбайқызы, Елікті ауылының ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі. «Химия және биология сабақтарында ЖИ қолдану», Сатубалдинова Аида Кайратовна, М.ғабдуллин а. НОМ химия және биология мұғалімі. Цифрлық білім беру ортасындағы жасанды интеллект – бұл жай ғана технология емес, білім берудің болашағы. ЖИ-дің көмегімен оқыту сапасы артып, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашады.
-
-